DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....)

Бақытгүл Бабаш (Ай да болғым келмейді, аспаны бар....)

Ай да болғым келмейді, аспаны бар.
Аспаны бар, ғазалы, дастаны бар.
Мен Гүл болғым келеді, дүниенің
Ұлылығын тамырсыз тастан ұғар.

Күнім деп те алдама. Күн емеспін.
Жанымды өртеп жүр әлі - Мұң. Елес. Түн.
Мен Гүл болғым келеді қолыңдағы,
Сұрай алмай жүрсе екен сенен ешкім.

Сабағыма түсірмес уақыт сызын,
Ақ күлтеме жырымнан жақұт тіздім.
Еңлік гүл едім мен. Қызғалдаққа
Қолың создың. Қайтемін...Бақытсызбын.
10.03.2012
Вернуться назад