DataLife Engine / Бақытгүл Бабаш (Түн баласы кірпік ілмей қаңғырған...)

Бақытгүл Бабаш (Түн баласы кірпік ілмей қаңғырған...)

Түн баласы кірпік ілмей қаңғырған,
Ойларымды қайтсем екен, аға, шын,
Жолыңызда болса дегем жан құрбан,
.. тастап қайда барасың?

Сізді – арбап арулардың жанары,
Мен – мейірім іздеп жерден жалықтым.
Сезіміңнің сыйқыры да шамалы,
..жаңа ұқтым-ау, жаңа ұқтым.

Еркелегім келген тегі. Ұқпадың.
(Бұл кереғар тіршілікке дауа жоқ.)
Асылым да жасық болып шыққанын,
Мойындаудан басқа енді амал жоқ.

Өңкей мұңды өлеңіме тоғытып,
Бәрі алдады. Арманым да. Қала. Күз.
Енді сізге бере алмаспын жыр оқып:
..сағынышым ғанасыз.
10.03.2012
Вернуться назад