DataLife Engine / Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)

Ерлан Жүніс (Уақыт баяу... тез өтеді)

Уақыт баяу... тез өтеді,
Жылап аққан жылға сынды,
Бізді жылдар сөз етеді,
Сөз етеміз біз ғасырды.

Қандай еді парқы, білсең,
Біле алмасаң - сорың дағы.
Өмір деген - жарты күлше,
Жетім ұлдың қолындағы.

Бəлкім соны көз етеді,
Оң мен теріс - ызба сынды.
Бізді жылдар мезі етеді,
Мезі етеміз біз ғасырды...

Келері - жұп, кетері - тақ,
О, не деген бейқам адам?!
...Жан жұмбағы - көне кітап,
Соқыр ойың сипалаған.
05.03.2015
Вернуться назад