DataLife Engine / Ерлан Жүніс (Қыжылдақ)

Ерлан Жүніс (Қыжылдақ)

...Құлықсыз, құмарлықсыз кесімсіздің
кейпіне енді-ау дәурен есіл, біздің.
Барады батпырауық ойнай-ойнай,
Атсыз жыл, ныспысыз ай, есімсіз күн!
Уай, дәурен, сіздің сертке бойлай да алмай,
бас қойып, бар мен жоқты ойлай да алмай,
Атсыз ой, сойсыз сезім, есімсіз мұң,
барады батпырауық ойнай да алмай!
Сырласу, қасам ішу, тілдесусіз,
кезеңге тап келгенім бір кешусіз...
Барамын батпырауық секілденіп,
дос – атсыз, дұшпан – сойсыз, құрбы – есімсіз!..

Асқақтық туралы аспанда,
Азаттық туралы ақ жұлдыз,
Ақпанар нұрын шашқанда,
Ойладым... өзің туралы;
Жабығу туралы жылдарға,
Жалғыздық туралы шыңдардан,
Зарыға қарап тұрғанда,
Аңсадым... өзің туралы;
Көз жасы туралы нөсерде,
Өткен күн туралы ауыр бұлт,
Күрсініп терең көшерде,
Жыладым... өзің туралы;
Сағыныш туралы түндерде,
Ай нұры әлсіз түскенде,
Үмітім туралы гүлдерге,
Мұңайдым... өзің туралы;
Мәңгілік туралы жолдарда,
Қарсы алу туралы құштарлық,
Мүсін боп қатып қалғанда,
Қол создым... өзің туралы,
О, менің Тәуелсіздігім!
15.03.2016
Вернуться назад