DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (Шашу)

Естеу Нүсіпбеков (Шашу)

Отбасы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз

Тәрбие мектеп – от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған
Әдепті бейне дұрыстар.

Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.
12.06.2014
Вернуться назад