DataLife Engine / Есенбай Дүйсенбайұлы (Шақырма)

Есенбай Дүйсенбайұлы (Шақырма)

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек...
Абай



Қарттықтан мен де ат байлап бүгін тақырға,
Уайым дейтұғын жем caп койғанмын ақырға.
Көрермен көптің көзі тоярдай көркім жок,
Шау тартқан шалды теледидарға шакырма!
Қилы сыр қозғап инабаттылық пен иманнан,
Қиналмас едім алтын уакытымды қиғаннан.
Ұрсып алардай ұлы да тұлға емеспін
Ұлтты ұялтамын деп ұлыксып теледидардан.
Қалың қазақтын шыққанда не айтам алдына?
Деуім керек пе: "Жігерлен, сілкін, қалғыма!"
Ол насихатты Абай да кақсап өтті ғой,
Санасыз қауым кезінде кұлақ салды ма?!
Қара қазанында тоқшылық тасып, той қайнап,
Жүре берсін ел қайыртпақ, ішіп, қой жайлап...
Мізбақпас миға мінгізе алмаспын мір оғын,
Міржақыптарша "Оян, қазақ!" деп ойбайлап.
Алты алаш жұрттың мен шығып енді алдына,
Құйкылжып не айтам ұйқысы кұйрық-жалдыға?
Қайғышыл ойдың намыстан қаны қарайып,
"Қалғи бер!" деуден басқа бір уәж қалды ма?!
Қалғудан мен де ат байлап бүгін тақырға,
Қанағат дейтін жем caп қойғанмын ақырға.
Қаңқ етпес жартас сияқты қара заманда
Қашаңғы жырды қақсай бергенім макұл ма?
Қайран сөзіңді алмайды қара бақырға!
Шақырма мені, теледидарға шақырма...
11.11.2011
Вернуться назад