DataLife Engine / Бегілдә Алдамжар (Домалап, домалап)

Бегілдә Алдамжар (Домалап, домалап)

Домалап, домалап келедi
даланың жел қуған қаңбағы.
қалды артта төбе, ой белеңi,
мақсаты белгiсiз алдағы.

Жынды жел — қаңбақтың құдайы,
тiл қатпай, ырқына көнедi.
Жел әмiр берсе егер, ұдайы
тек қана домалай бередi.

Кейбiреу iсiнiң жөнi жоқ,
ойы ауса, тартады жан-жаққа.
өмiрде өзiнше жолы жоқ
ұқсайды ол осынау қаңбаққа.

1960 жыл
28.02.2016
Вернуться назад