DataLife Engine / Иса Байзақов (Қанат талды)

Иса Байзақов (Қанат талды)

Ән сұлу күндей күліп сорғалаған,
Бұлбұлдай сайрап жүріп қорғалаған,
Жымиып күле қарап айлы аспанға,
Сызылтып тоқсан түрлі жорғалаған.
Ырғалтып мың құбылтып шырқағанда,
Үзілтіп он екі алуан ән салғанда,
Қалықтап ұшқан дауыс төмендемей,
Аспанда қанат талды толғағанда.
Әндердің ұлы атасы «Қанат талды»,
Арқада ақыратып Сейтжан салды,
Қоңырлап құйқылжыған ырғағына,
Сүйсініп, естігенде жұрт таң қалды.
17.02.2016
Вернуться назад