DataLife Engine / Иса Байзақов (Ақерке)

Иса Байзақов (Ақерке)

Ақерке, ақ күмістей сенің жүзің,
Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.
Ақылың айдын шалқар көл секілді,
Жанарлы қара нәркес екі көзің.
Күлкің гүл жас баланың жанарындай
Ақерке айтып бітпен құмарымды-ай.
Болса да жасың кіші, білімің - дария
Әнімді арнамайын саған қалай?!
Жас күнің жалындаған ерке тоты,
Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.
Шырқайын Ақеркенің айғайымен,
Өзімдей берік болсын, жігіт серті.
17.02.2016
Вернуться назад