DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Болат қалқан)

Сырбай Мәуленов (Болат қалқан)

Айта аламын әрқашан,
Орал сені мықты деп,
Жүгін, көкке нанбасаң
Тауларың тұр бұлт тіреп.
Айта аламын әрқашан
Жаралған деп сені оттан.
Сұра барып нанбасаң
Өзің қорытқан болаттан.
Айта аламын әрқашан,
Ер деп қорқу білмеген.
Жүгін, желге нанбасаң
Жалыныңды үрлеген.
Айта аламын әрқашан
Деп өзіңді күн ыссы.
Жүгін, маған нанбасаң
Солай дейді жұмысшы.
Ауыр күні соғыстың
Болатыңмен болыстың.
Көк темірді құрсандың
Қалқаны боп орыстың.
11.11.2001
Вернуться назад