DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Теке діңі)

Сырбай Мәуленов (Теке діңі)

Көрінген бір қиырдан Теке діңі,
Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.
Айналған ұшар басын шаңқай түсте,
Қалықтап дүниенің алтын күні.
Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,
Далада шөгіп жатқан арыстандай.
Қалмайды қапталыннан қатарласып,
Сенімен бәске түсіп жарысқандай.
Аспанға биік екен бойлаған шың,
Бір жүріп осылай деп ойлаған кім.
Қызығып келбетіне қарай бердім,
Басында бала кезде ойнағансын.

1947
11.11.2001
Вернуться назад