DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Қостанай қаласы)

Сырбай Мәуленов (Қостанай қаласы)

Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген.
Үлкен өмір бөлегін,
Бұл қаладан сезем мен.
Жеті орасаң жершарын,
Жете тұғын жібегі;
Завод жатыр қаланың
Секілді от жүрегі.
Жерінің кен қатпары —
Қөмір, темір, тас түбі.
Республика мақтаны —
Қостанайдың астығы.
Жаны жайсаң досқа бай
Жібек желі тұр есіп;
Өзімізбен Қостанай
Келе жатыр бір өсіп.
11.11.2001
Вернуться назад