DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Оралғанда)

Сырбай Мәуленов (Оралғанда)

Арада өткен күнді есепте,
Көп жыл бойы біз көрмедік.
Көп жыл бойы көрмесек те,
Бұрынғыдан өзгермедік.
Қайта, өткен бұл жылдары
Арта түсті жалынымыз.
Аша алмады арамызды
Боранды қыс, жауынды күз.
Аша алмады арамызды
Жау бомбасы күркіреген;
Қанды дауыл қара үзді,
Қайтаоралдым күлкіменен.
Бұл жылдары шамалады
Сын үстінде әркім өзін.
Қатал едім майдандарда,
Қайта оралды бал мінезім.
Аңсадың ғой, білем мені,
Алыс жүрген кездерімде.
Жасырсаңда, сағынышың
Жазулы тұр көздеріңде.
11.11.2001
Вернуться назад