DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Есіңе ал)

Сырбай Мәуленов (Есіңе ал)

Болдың ба сен Волховта,
Көрдің бе оның орманын
Сол орманның әр талын
Өз жанымдай қорғадым.
Январьда, майданда
Ақ денемнен тамды қан.
Алып соқтым ажалды
Алдымды орап аңдыған.
Қара елтірі бөріктей
Қалың нулы орманда.
Есіңе ал мені, уа достым,
Жолың түсіп қонғанда.
11.11.2001
Вернуться назад