DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Қоңырау қағылды)

Сырбай Мәуленов (Қоңырау қағылды)

Қоңырау қағылып,
Жылжыды эшелон.
Сағымды жамылып,
Қалды артта неше жон.
Қалды артта туған үй,
Қара түн жасырып.
Дауыл боп тула, күй,
Жарқыра, жас үміт,
Мен енді жауынгер,
Қатерге буған бел.
Батысқа жол тарттым,
Сен үшін, туған ел.
11.11.2011
Вернуться назад