DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Майдандағы жігіттің жыры)

Сырбай Мәуленов (Майдандағы жігіттің жыры)

Жаздың түні жас жарыммен,
Келіп қайың қасына,
Бұтақтарға тұрушы едік
Шынтақ қойып, асыла.
Жапырақтың арасынан,
Ай сәулесі қалтырап,
Ақ бетіне аруымның,
Түсуші еді жарқырап.
Түніменен түс көремін,
Тербеледі көк терек.
Жарым өзен жағасында
Тіл қатады еркелеп.
Түніменен түс көремін,
Ұзақ жатыр жол әлі.
Түсіңде емес, өңіңде сен
Есіңе алсаң болғаны.

1942. Волхов майданы
11.11.2011
Вернуться назад