DataLife Engine / Сырбай Мәуленов (Тыңда, жолдас комиссар!)

Сырбай Мәуленов (Тыңда, жолдас комиссар!)

Тыңда, жолдас комиссар,
Жібер мені майданға.
Қан жорықта жүрейін,
Қайырламай қайраңда.
Тыңда, жолдас комиссар,
Қолыма тез қару бер
Аттанайын екеу боп,
Өлеңім мен жауынгер.
Тыңда, жолдас комиссар,
Тілегімді қабылда.
Томағамды сыпырып,
Ұшыр мені дауылда.
11.11.2011
Вернуться назад