DataLife Engine / Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)

Тұманбай Молдағалиев (Менің әпкем)

Сағынғанда көтеріп,
Құшарлана сүйеді.
Шапалағы шарт етіп,
Жағыма да тиеді.

Үндемеймін оған мен,
Үндемеуге бекінем.
Қанша қатал болғанмен,
Сүйеді кеп бетімнен.

Киімімді жуады,
Барлық ынта, зейінмен.
Үйдегі бір мұғалім
Өзі шығар деймін мен.

Кейде бәйек бола ғап,
Асымды да қойды алға.
Сағатына қарап ап,
Жібереді ойнауға.

Жүрем оның бейнесін
Жүрегіме орап мен.
Сағынамын көрмесем,
Алтын әпкем, жан әпкем.
02.02.2016
Вернуться назад