DataLife Engine / Тұманбай Молдағалиев (Қырланады, сұрланады)

Тұманбай Молдағалиев (Қырланады, сұрланады)

Қырланады, сұрланады,
Өңің кейде бұзып дала.
Келіп қарттық бір хабары,
Соқпай көңілің қызыққа да,

Жүретін бір күндерің бар
Атқа мінбей, жаяу қалып.
Көңіл кетіп гүлге құмар,
Отырасың ой ойланып....

Менің де көп, кінәм аз ба,
Бәрі де ептеп оянады.
Көңіліңдегі күлкі, наз да
Көз жасына боялады.

Қызықты кеш, құмар әні
Бара жатыр бәрі сиреп.
Сәбилерің шығарады
Шыңарудан сені сүйреп.
02.02.2016
Вернуться назад