DataLife Engine / Тұманбай Молдағалиев (Бір баяулап келемін, бір қарқындап)

Тұманбай Молдағалиев (Бір баяулап келемін, бір қарқындап)

Бір баяулап келемін, бір қарқындап,
Қолым жетер жерлерде тұрды алтын бақ.
Асулардан екпіндеп асты арманым,
Менің жігіт күнім боп бір жарқылдап.
Қайда барсам, қуанам, алдым жарық
Арайланам ақ жүзім бал-бұл жанып.
Келген таңмен өмірім араласып,
Құшағына кіреді күннің барып.
02.02.2016
Вернуться назад