DataLife Engine / Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)

Жәркен Бөдешұлы (Соңғы батыр)

Қазақта – соңғы батыр Кенесары,
Атанды қоңыр болмай, неге сары?
Көз еті тым сарғайып кетеді екен,
Жауының көрінбесе төбе, шаңы...

Жалына алмас қылыш жанығанда,
Сілкініпті ол мінген жануар да.
Еркіндік,
Бостандық деп тастапты ұран,
Бойында Алты Алаштың қаны барға...

Қазақтың суалғанда құт тұмасы,
Жанарына шер болып бұқты жасы...
Тауында Кекіліктің кесілді де,
Алтынға бағаланды түкті басы...

Қонды да шыққан жаны сары құсқа,
Таң қалды ел, қара бұлтты жарып ұшса...
Тізесі бүгілмеген майданда қап,
Рухы кетті айналып сағынышқа.
04.02.2016
Вернуться назад