DataLife Engine / Жұматай Жақыпбаев (Ләйләға)

Жұматай Жақыпбаев (Ләйләға)

Ешкімге мұндай мінез берілмеген,
Күнім ең көптен бері көрінбеген.
Ойымда ештеме жоқ, домбыра ойнап
Жатыр ем нағашымның үйінде мен.

Үстіне артылған соң дара білек,
Шанақта бір оқшау күй барады үдеп.
Төр. Бөлме. Бір кезде әжем кірді
Бесінім қаза болып барады деп.

Мұратқа соныменен жетті ме екен,
Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен.
Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем:
«Ләйлә, илло-алла»… деп тұр екен.

Онсыз да жойылса да саны аз күнә
Сүреге ұии қалды сабаз мына.
…Өлең не? Ішінде атың бар болған соң,
Оқығым келіп кетті намазды да.
06.02.2016
Вернуться назад