DataLife Engine / Кенен Әзірбаев (Бозторғай)

Кенен Әзірбаев (Бозторғай)

Бозторғай, шырылдайсың жерге түспей,
Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей.
Ат қылып, ақ таяқты қолыма ұстап,
Сандалып қой соңында азар кешке-ай.

Қайырмасы:
О-о-оу, бозторғай,
Шырылдайсың, шіркін-ай!
Құтылар күн бар ма екен,
Осы қойдан бір күн-ай.

Жүгіріп қозымды айдап сайға барсам,
Татиды талқан шекер шайнай қалсам.
Шерімді ішімдегі мен төгемін,
Жүрегім басылғандай әнге салсам.
Қайырмасы.
01.01.2010
Вернуться назад