DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Өзеннің суын жел тербеп)

Мағжан Жұмабаев (Өзеннің суын жел тербеп)

Өзеннің суын жел тербеп,
Ақ төсін керіп шайқалад.
Біресе ауыр күрсініп,
Біресе тынып жай табад.
Жағаға біткен кербез тал
Ақтөсін керіп шайқалад.
Мінезіне кербездің
Кім бәлен деп айта алад.
Суға бетін сүйсін деп,
Бір беріп, тағы қайта алад.
12.12.2012
Вернуться назад