DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Ұлбосын)

Мағжан Жұмабаев (Ұлбосын)

Бауырсақ мұрны пұштиып,
Бесікте жатты ӘлияҰлбосын.
Әкесінің ойында:
«ӘлияҰлбосыным пұл босын!..»
Тышқан көзі сықсиып,
Ойнап жүрді ӘлияҰлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ойлап жүрді: «Пұл болсын!..»
Бүйрек беті бұлтиып,
Шолпы тақты ӘлияҰлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Ойға батты: «Пұл болсын!..»
Салмақты қыз боп ақылды,
Он бірге жетті ӘлияҰлбосын.
Мал алуға әкесі
Құдаға кетті: «Пұл болсын!..»
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді ӘлияҰлбосын.
Әкесі ойды иректейд:
«Отыра түссін, пұл болсын!..»
Ирек боп қалды-ау ой шіркін,
Пұл болмады-ау ӘлияҰлбосын.
ӘлияҰлбосын биыл есітті:
«Енді әйелге жол болсын...»
Естіпті де досына:
«Мән-жай мынау... ал досым...»-
Депті. Сөйтіп, сол түнде-ақ
Кетіп-ақ қалған ӘлияҰлбосын.
Бұрқырап отыр әкесі:
«Құл болмаса, бұл болсын!»
Мен не деймін, қалқам-ау,
Жол болсын деймін, жол болсын.
12.12.2012
Вернуться назад