DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Құр қалыппын)

Мағжан Жұмабаев (Құр қалыппын)

Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды,
Теңімен ойнап-күліп, бұраңдайды.
Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар,
Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды.
Ептілер ебін тауып, жақындапты,
Болуға ең сүйгені жақын қапты.
He қылсын өзінің қолы жеткеннен соң,
Меңіреуді мен сықылды шақырмапты.
Білмеппін дәнеңесін сырт халықтың,
Сөз қатпай, таң атса да, құр жатыппын.
Ойламай, көз жүгіртпей, меңіреу басым,
Жанаспай, жақын жүрмей, құр қалыппын.
12.12.2012
Вернуться назад