DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Қазақ қызына әзіл)

Мағжан Жұмабаев (Қазақ қызына әзіл)

Шолақ айдар, шөп желке,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Был-сылқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
Өзім қазақ болған соң,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Басқа айтпайды, мен айтам:
«Сендей сұлу сирек»,- деп.
12.12.2012
Вернуться назад