DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Сорлы қазақ)

Мағжан Жұмабаев (Сорлы қазақ)

Сорлы қазақ жан алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Оқу-білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын алып, «надандық» саған көздеңді.
Шетке лақтыр, тұмақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді-кеш басыңа мініп өзгеңді!
Кітап әпер, оқысын балаң, қолына,
Малды аяма оқу-білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!
Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?
12.12.2012
Вернуться назад