DataLife Engine / Мағжан Жұмабаев (Көңіліңді ашар)

Мағжан Жұмабаев (Көңіліңді ашар)

Көңіліңді ашар,
Жалынды басар
Жоқ жанында жолдасың.
Отырсаң аулақ,
Дерт басса қаулап,
Жұбатар қиял - мұңдасың.
Бейне хор жүзі,
Бейне бал сөзі,
Жан жарыңмен тұрасың.
Құшақтап белден,
Жалындап тілден
Сүйіскендей боласың.
12.12.2012
Вернуться назад