DataLife Engine / Мұзафар Әлімбаев (Естеліктер)

Мұзафар Әлімбаев (Естеліктер)

Естеліктер - жыртылмайтын кітаптай,
Сынбайтғын бұтақтай,
Естеліктің гүлі қурап солмайды,
Бояуы да оңбайды.
Естеліктің семген емес құрағы,
Жұпары аңқыптұрады.
Естеліктің қусырылмас кеңдігі,
Лайланбайды мөлдірі.
Естеліктің тесілмейді кемесі,
Шірімейді шегесі.
Естелікті өршілдікке бейім де,
Сүйремейді кейінге.
Естеліксіз өспек емес бүгінгім,
Ол - өшпейтін бұрынғым.
12.12.2015
Вернуться назад