DataLife Engine / Мұзафар Әлімбаев (Дон-Кихотқа көзқарас)

Мұзафар Әлімбаев (Дон-Кихотқа көзқарас)

Дон-Кихотты кім десең де өз еркің...
Ал меніңше керек лайық сөздер тың,
He десең де, Дон-Кихоттар қолында
Дүниеге көзқарасты өзгерту!
Дон-Кихоттар бұлталақсыз бұрыннан
Мәселені қойған шұғыл, қырынан.
Қиналысқа түссе егер көпшілік,
Қиқулап-ақ жеткен солар қырымнан.
Онда мен он бес жастан жаңа астым ба?!
Жасымнан жақсылармен жанастым да.
Қаңтарда қалғысам да қар астыңда,
Қалғам жоқ бастырылып тау астында,
Ағынға қарсы жүздім қарым созып,
Тасқынмен тегеурінді таластым да.
Абайсыз ажыраған өз салынан
Аққұла бөренедей адастым ба?!
01.01.2016
Вернуться назад