DataLife Engine / Мұзафар Әлімбаев (Түс)

Мұзафар Әлімбаев (Түс)

Түсіне қомағайдың ет кіреді.
Түсінде қыран бүркіт көк тіледі.
Түсінде орманшының тоғай түлеп,
Ұстаздың қанаттанар көп түлегі...
Түсімде Ай келіндей иіледі,
Көзімді Жерұйығым үйіреді.
Алдында Адамзаттың өлең оқып,
Аялап құшып жүрем Дүниені!
01.01.2016
Вернуться назад