DataLife Engine / Мұзафар Әлімбаев (Ұқсастық)

Мұзафар Әлімбаев (Ұқсастық)

Мен мектеп қоңырауындай ұқыптымын:
Шарқ ұрам, келеді істің күтіп күнін.
Ей, ақын!
Сен де ұстазсың, борышың мол,
Өмірдің оқырманға тоқыт жырын.
Мектептің қоңырауындай сергектігім:
Heгe ол кежірлерге бермек тыным?!
Оятам қалғығанды, мүлгігенді,
Жайбасар самарқаудың тергеп жүгін.
Мектептің қоңырауындай елеңдерім,
Орынды аландауым, елеңдеуім:
Сыңғырлы келісіммен жас буынға
Нұсқасын білім төрін, өнер көгін...
01.01.2016
Вернуться назад