DataLife Engine / Мұзафар Әлімбаев (Мінажат)

Мұзафар Әлімбаев (Мінажат)

Тұманынан шаңқан күні көп Дүние!
Сараңдығынан дархандығы көп Дүние!
Иттігінен игілігі көп Дүние!
Күйігінен сүйгілігі көп Дүние!
Мен қадырыңды аз біліппін,
Білместіктен жазғырыппын...
Кешір! Кешір аңқауыңды!
Шарлағам жоқ бар тауыңды,
Түгел сүзіп орманыңды.
Өтпедім бар жолдарыңды...
01.01.2016
Вернуться назад