DataLife Engine / Исмағұлов Сабыржан (Ұлың менмін ұлтым деген)

Исмағұлов Сабыржан (Ұлың менмін ұлтым деген)

Күмəнді сұрақ туса бұл кім деген.
Сабыржан ұлың менмін ұлтым деген.
Қазақтықтың қас жауы орыс тілдің,
Сейілте аламыз біз бұлтын немен.
Қазақтай ел болмаған дегендердің,
Сөзін естіп ісіне күлкім кеген.
Қуатты ел болар деп Қазақстан,
Үмітім үзілмейді үлпілдеген.
Алпыс екі тамырым бойымдағы.
Соққан сайын қазақ деп бүлкілдеген.
Шүкір деймін,наз айтып жатқаныммен,
Өкпелі емес едім бұл күнге мен.
Біреулер мынау кім деп менсінбесе,
Біреулер үлгі алар мүмкін менен.
03.12.2015
Вернуться назад