DataLife Engine / Исмағұлов Сабыржан (Қыздардан үлгі алайық)

Исмағұлов Сабыржан (Қыздардан үлгі алайық)

Кешіріңдер сөзден кетсе сəл айып.
Баяндайын өлеңменен халайық.
Қорғайтұғын отанымыз бар болса,
Шүкір деп біз шын бақытқа балайық.
Болу үшін бабалардай ер жүрек,
Өр намыстан ұлы қорған қалайық.
Дін танысаң отан сүю иманнан,
Деген сөзді есімізге салайық.
Бармай қашып жүрген ұлдар əскерден,
Суреттегі қыздан үлгі алайық.
24.12.2015
Вернуться назад