DataLife Engine / Мүбәрәк Жаманбалинов (Тоқылдақ

Мүбәрәк Жаманбалинов (Тоқылдақ

Терезенің алдында
Терек жайды жапырақ,
Сау ма терек, ауру ма?
Қарап өтті тоқылдақ.
Морзе әліппесіндей
Құлағыма үн келді,
Ағаш оңай тесілмей
Шоқып берді бір жерді.
Көрдім де құрт жеп жатқанын
Шошыр деп жақын келмедім,
Сүйсініп менің айтқаным
Құтты болсын еңбегің!
03.12.2015
Вернуться назад