DataLife Engine / Мүбәрәк Жаманбалинов (Қарағай)

Мүбәрәк Жаманбалинов (Қарағай)

Жаз жасылға оранған
Қыс та ән қосқан дауылға
Бір қарағай орманнан
Әкелінді ауылға.
Тақтай етіп тілді де,
Жонды ұста сүргілеп.
Төрімде енді тұр міне
Шкаф болып сырлы көк
Достарынан бақытты,
Өкіліндей орманның.
Құшағына алыпты
Көсемдердің томдарын
04.12.2015
Вернуться назад