DataLife Engine / Мүбәрәк Жаманбалинов (Ара)

Мүбәрәк Жаманбалинов (Ара)

Терезе алды құлпырды
Қызыл, сары, көкала,
Шешек атты гүл түрлі,
Үйір болды көп ара.
Қызыға қарап тұрғанда
Шағып алды басымнан
Еңбекшіні қуам ба
Балын бізге тасыған!
02.12.2015
Вернуться назад