DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Домбыра)

Қалижан Бекхожин (Домбыра)

Тиер жылы жүрекке үнің сенің,
Туған күні даусыңды естігемін.
Атам, анам өсіпті сеніменен,
Саған айтып кетіпті ескі кегін.

Мені де маужыратқан-сол бір күйің
Үніндей сонау сырлы дүниенің.
Ұйқы орнына жас жүрек дүрсіл қағып,
Жалындатқан жанымды сол әлдиің.

Ой-қиял сырласқанда сеніменен,
Жорғалап сазбен талай шыққан өлең.
Барармын сені шертіп майданға да,
Өлсем егер, мен сені шертіп өлем.
19.12.2015
Вернуться назад