DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Тарлан шапқан жолменен )

Қалижан Бекхожин (Тарлан шапқан жолменен )

Тарлан шапқан жолменен
Жортар кейде құнан да,
Жар кездесер көлденең,
Аспай жатып қуанба!

Сұңқар ұшқан қиядан
Самғар кейде кептер де.
Шыңдалмасаң ұядан,
Өжеттікті еп көрме!

Жарау тұлпар майданда
Сан жүйріктен айбынды.
От басында айналма,
Алыстан тап бәйгіңді!
19.12.2015
Вернуться назад