DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Орамалын кестелеп...)

Қалижан Бекхожин (Орамалын кестелеп...)

Романс

Таң алдында тәтті ұйықтап
Тынықты жас келіншек,
Отырған ол түн ұзақ ,
Орамалын кестелеп.

Алыста жүр сүйгені
Шекараны күзетіп.
Кеше ғана хат келді
Қайтамын деп жыл өтіп.

Қуанышты жарының
Айтқан сөзі еске кеп,
Отырды түн ұзақта,
Орамалын кестелеп
19.12.2015
Вернуться назад