DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)

Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)

(Лермонтовқа еліктеп)

Өзіңе сен, жас ойшыл,
Тіл өнерің отпен тең.
Жаз күніндей жастық жыр
Жалын атсын жүректен.

Қанат қағып тез ұмтыл,
Шарықтайтын туды кез.
Жарысқа түс, безеп тіл,
Ұмтыл алға, ұмтыл тез.

Жалындаған жүректен
Жарқылдаған от көрем.
Қанатымен өлеңнің
Көтерілем көкке мен!

Жүректе жалын болса егер,
Жайнап шығар аспанға.
Өмір, өзің қуат бер
Жалындаған жас жанға!
19.12.2015
Вернуться назад