DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Қызыл нажағай)

Қалижан Бекхожин (Қызыл нажағай)

Қараңғы түнде жарқылдап,
От жұлдыздай көрінген,
Құдіретпен шартылдап,
Германия көгінен.

Күркіреп қызыл нажағай
Түскенде көрдім ғажапты:
Қопарып тасын жағалай,
Қыйратып кетті дозақты!

Түн ішінде дүине
Тітіреніп тұр еді.
Жарқ ете қап күн міне,
Жоғалды әлек түнегі.

Неткен күшті керемет,
Неткен қызыл нажағай!
Соны көріп күлімдеп,
Қуандым жас баладай!
19.12.2015
Вернуться назад