DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

Есігімнің алдында
Бәйтерек бар тым биік.
Тәкаппар бір қалпында
Жайқалады дүрдиіп.

Осы терек сірә да
Құрдас шығар менімен.
Бірақ бейне мұнара,
Дәйім асқақ керілген.

Құрдас жылдар өткен бе,
Ақшаланды бұл басым.
Жапырақ жайып көктемде
Жасарады құрдасым.

Ол тұр асқақ сипатпен
Биігіндей қиялдың.
Ақ шашымды сипап мен,
Бәйтеректен ұялдым...
19.12.2015
Вернуться назад