DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Өршіді өлеңімде өмір сыры)

Қалижан Бекхожин (Өршіді өлеңімде өмір сыры)

Ерке ғып өсірген жоқ тағдыр мені,
Туғанда, бесігімде қар гуледі.
Ананың мейірімі де жоқ есімде,
Тұнып тек жүрегімде қалды лебі.

Суық жел сәби шақты тербеп өтіп,
Есейдім жас бұғанам ерте бекіп.
Ұл тілеп алласына жалынса да,
Көрген жоқ әкем мені еркелетіп.

Аз болды туысым да жан ашыған,
Мейірді көрдім, сірә, нағашымнан.
Тартылды жүйкелерім тарамыстай
Жас ойнақ кездерімде аласұрған.

Не айтта, не бір тойда ат мінбедім,
Алдымнан есті баяу бақыт желім.
Жаңбырда жалаң аяқ дедектедім,
Жастықтың іздеп жарқын, шат күндерін.

Салтымен әкеміздің, ізі қиын,
Ашыды әліпбимен уыз миым.
Тоқыдым ойға жырды, жас зердеме
Шұбырын сөрелердің тізіп жидым.
03.12.2015
Вернуться назад