DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Ұмытсам бір...)

Қалижан Бекхожин (Ұмытсам бір...)

Кейістің енді күллісін
Ұмытсам ғой біржола.
Есімде қалса жыр үшін
Өткен ізгі сыр ғана.

Жадымнан мәңгі жоғалса
Досқа өкпем, ренішім.
Ойыма тек оралса
Достық пейіл, келісім.

Өкініш пен сәтсіздік
Өшсе тіпті есімнен,
Есіме келсе шат қызық,
Өмірден алған несібем.

Ұмытсам сондай құрғырды,
Жырды тыныш толғасам.
Қызық қой ғұмыр бір күнгі,
Беймаза тек балмасам!
18.12.2015
Вернуться назад