DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Бозбалаға)

Қалижан Бекхожин (Бозбалаға)

(әзіл)

Шағың ба бұл суынар,
Неге тұрсың қуарып?
Бақшада көп сұлулар,
Қайт көзіңді суарып.

Ізде бақтан сәулеңді,
Ора, бірін құшаққа.
Күндеймін-ау сендерді,
Қыздар – сұлу бұл шақта.

Отты көзді қалқаның
Оттан ыстық жаны бар.
Өзім талай байқадым,
Көрсең жаның жалындар.

Қадалса ғой көзі бір,
Жігітім-ау,білер ең.
Сезгің келсе, өзің жүр,
Қызғанбасаң, мен ерем...
18.12.2015
Вернуться назад