DataLife Engine / Қалижан Бекхожин (Аспанда – ай, жерде қыз...)

Қалижан Бекхожин (Аспанда – ай, жерде қыз...)

Аспанда – ай, жерде қыз...
Жайлауыма нұр жаққан.
Көкте өрген көп жұлдыз
Қалың қойдай қыз баққан.

Бозша бұлттар жүр тауда
Менің ала жылқымдай.
Ғашық жырын шырқауға,
Желші, жорғам, бұлқынбай.

Қарасаң да тамсанып,
Емірене ме жұлдыз, ай.
Еріте ме ән салып,
Менің сұрша қызымдай.
18.12.2015
Вернуться назад