DataLife Engine / Қазақша балалар өлеңі: Ойыншықтар

Қазақша балалар өлеңі: Ойыншықтар

Сөзі Н.Әлімқұловтікі
Әні И.Нүсіпбаевтікі

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен қуыршақ,
Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?!
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызармын бұрышқа.
03.12.2015
Вернуться назад